Павлодарда 13 көшенің атауы өзгерді

15.04.2020
Павлодарда 13 көшенің атауы өзгерді

Павлодарда 13 көшенің атауы ресми өзгерді. Тіпті ғимараттар маңдайшасына көше атауы жазылған тақтайшалар қойылып үлгерген.

Енді 1 Май көшесі бұдан былай Мәшһүр Жүсіп Көпеев деп аталады. Ал, бұрынғы Көпеев көшесіне Ақбеттау деген атау берілді. Сондай, Короленко – Бұқар Жырау, Крупская – Едіге би көшесі болып өзгерді.

Көшелердің жаңа атауына қатысты құжаттар әділет органдарында 12 сәуірде тіркелген. Қазір мамандар басқа да көшелердегі ғимараттарда ілінген тақтайшаларды ауыстырып жатыр. 

pavlodartoday.com

Хабарламаларға жазылу