ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің атауы ішкі мемлекеттік аудит комитеті болып өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің атауы ішкі мемлекеттік аудит комитеті болып өзгерді

07.05.2016
ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің атауы ішкі мемлекеттік аудит комитеті болып өзгерді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің атауы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» мемлекеттік мекемесі болып өзгерді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 3 мамырдағы №264 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің атауы «Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» болып өзгертілді», - делінген хабарламада. 

Хабарламаларға жазылу