Зарина Диас бір жылда жарты миллион доллардан астам табыс тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас бір жылда жарты миллион доллардан астам табыс тапты

04.09.2014
Зарина Диас бір жылда жарты миллион доллардан астам табыс тапты

Қазақстандық теннисші Зарина Диас биылғы турнирлерде жеткен жетістіктерінің арқасында 500 мың доллардан астам табыс тапты.

Жас теннисші аз уақытта 700 мың доллар пайда тауып үлгерді. Оның 500 мың доллары осы жылға тиесілі.

2013 жылдың соңында Зарина Диас WTA рейтингінде 163-ші орында болған. Қазір ол 48-ші сатыға жайғасқан. Зарина US Open турнирі аяқталған соң Әлемнің үздік ТОП-40 теннисшінің қатарына енеді. Сондай-ақ, ол еліміздің үздік теннисшісі Ярослава Шведовадан озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанған.

Хабарламаларға жазылу