Зарина Диас Qatar Open турнирінің екінші айналымына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Qatar Open турнирінің екінші айналымына өтті

25.02.2015
Зарина Диас Qatar Open турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Катар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Qatar Open халықаралық турнирінің екінші айналымына өтті. Турнирдің жүлде қоры – 731 мың АҚШ долларын құрайды.

Алғашқы айналымда Зарина Диас тунистік Онс Жабермен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Заринаның екінші айналымдағы қарсыласы әлемнің 10-ракеткасы бельгиялық – Андреа Петкович.

Айта кетейік, бір апта бұрын Дубайда аяқталған турнирде Зарина Диас дәл осы бельгиялық теннисшіні ұтқан.  

Хабарламаларға жазылу