Зарина Диас Qatar Open турнирін аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Qatar Open турнирін аяқтады

26.02.2015
Зарина Диас Qatar Open турнирін аяқтады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Катар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Qatar Open халықаралық турнирінің екінші айналымында Андреа Петковичтан ұтылып қалды.  Турнирдің жүлде қоры – 731 мың АҚШ долларын құрайды.

Алғашқы айналымда Зарина Диас тунистік Онс Жабермен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңген болса, екінші айналымда  әлемнің 10-ракеткасы бельгиялық – Андреа Петковичтан 7:5, 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп, ширек финалға шыға алмады.

Айта кетейік, бір апта бұрын Дубайда аяқталған турнирде Зарина Диас дәл осы бельгиялық теннисшіні ұтқан.  

Сондай-ақ, ерлер арасындағы бәсекеде отандасымыз Андрей Голубев екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичтен 6:1, 6:2 есебімен ұтылды.

Хабарламаларға жазылу