Басты Жаңалықтар Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды

Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды

Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды
Еліміздің екі облысында 3 күн бойы қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидромет» болжамдарына сілтеме жасап.
 
«22-24 маусым күндері Ақтөбе облысында, 23-25 маусым күндері Қостанай облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды, ауа температурасы 40°C-ге дейін жетеді», - делінген хабарламада.
 
Ал, Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы тұрақсыз болып, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек оңтүстік өңірде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
Бөлісу