«Ертеңгі жеңіс біздікі болуы керек» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертеңгі жеңіс біздікі болуы керек»

25.04.2014
«Ертеңгі жеңіс біздікі болуы керек»
«Астана арландары» клубының бас директоры Болат Манкенев  пен боксшы Мейірболат Тойытов «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
WSB Бүкіләлемдік бокс сериясының 4-ші маусымы аясындағы жартылай финалда арландар ертең «Baku Fires» командасымен кездеседі.
 
Сайысқа дайындықтары жөнінде клуб директоры  Болат Манкенев: «Дайындық жаман емес. Сайысқа шығатын жігіттердің барлығы  Алматыдан  келді. Бүгін сағат 12.00-де салмақ өлшеу рәсімі болады. Төрт маусым ішінде «Астана арландары» «Баку оттарымен» бірнеше рет кездесті. Жалпы есеп – 6:4, бакулықтардың еншісінде. Сондықтан, ертеңгі жеңіс біздікі болуы керек»,-дейді.
 
«Менің салмақ дәрежем бойынша қарсыласым өзгерді. Ол боксшынының жұдырықтасу тәсілдерін меңгеріп жатырмыз. Нәтижесі ертең белгілі болады»,-дейді Мейірболат Тойытов.
 
«Астана арландары» мен «Baku Fires» кездесуіне қатысты толық ақпаратты «Таңшолпаннан»көріңіз.
 
Еске сала кетейік, бұл сайысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жартылай финалдың алғашқы кездесуі сенбі, 26 сәуір күні сағат 19.50-де басталады.

Хабарламаларға жазылу