«ЭКСПО»-ның миллионыншы билетін сатып алған азамат Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО»-ның миллионыншы билетін сатып алған азамат Астанаға келді

05.07.2017

Бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесіне ерекше қонақ бас сұқты. Көрменің миллионыншы билетін сатып алған оңтүстікқазақстандық азамат шараны тамашалау үшін Астанаға арнайы келді. Қайрат Мамаев Шымкенттегі жоғарғы оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор қызметін атқарады. Сондықтан, көрмедегі әрбір инновациялық ізденіс, ғылыми жаңалық оның назарынан тыс қалған жоқ. «Нұр әлем» сферасы мен шетелдік павильондарды түгел аралап шықты. Айтуынша, сәтті билетті ол сәуір айының соңында сатып алыпты. Сол күннің ертесіне көрме әкімшілігі жұбайы екеуін Астанаға арнайы шақырып, қонақ қылған болатын. Сондай-ақ, журналистермен кездестіріп, бағалы сыйлықтар да табыс етіп еді. 

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу