Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Астанаға келді

21.10.2014
Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Астанаға келді

Бүгін «ЭКСПО -2017» көрмесіне дайындық барысымен танысу үшін Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес кезекті инспекциясымен Астанаға келді.

ХКБ басшысы сапары барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесіп, ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінің көрмені өткізу қарсаңында атқарған жұмысына қатысты есебімен танысты.

Сапар шеңберінде бас хатшының Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және бірқатар ресми тұлғалармен кездесуі жоспарланған.

Висенте Гонсалес Лоссерталес 22-23 қазан күндері ЭКСПО-2017 көрмесі Халықаралық қатысушыларының алқалы басқосуына және 23 қазан күні басталатын «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» халықаралық форумына қатысады.

Бұл - ХКБ-ның 2012 жылдың қарашасынан бері Астанаға жасаған төртінші инспекциясы, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Хабарламаларға жазылу