Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

04.08.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің 19 миллионыншы тұрғынымен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің 19 миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын! Бауы берік болсын!», - деп жазды Президент.

Еске салайық, Жәния Азаматқызы 20 маусымда дүниеге келді. Отбасындағы 4-ші бала. Нәрестенің ата-анасы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы Назгүл Көбентаева 1986 жылы туған. Ал, әкесі Азамат Нұрғалиев 1982 жылы туды. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу