«ЭКСПО-2017» көрмесін 1 млн. адам тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесін 1 млн. адам тамашалады

11.07.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 1 айда 1 млн. қонақ келді. Бүгін кешкісін Астана қаласының тұрғыны Гүлжихан Жаңабергенова халықаралық шараның ерекше көрермені атанды. Бейнебақылау камералары және билеттерді тіркеу құралдары миллионыншы қонақтың қалашыққа кіргенін растады. Бос уақытында елімізде өтіп жатқан үлкен көрмені тамашаламақ болған тұрғын мұндай тосынсыйды өзі де күтпеген. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу