ЭКСПО-2017  көрмесінің шымылдығын «Ұлы дала симфониясы» атты театрландырыған шоу бағдарламасы ашады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017  көрмесінің шымылдығын «Ұлы дала симфониясы» атты театрландырыған шоу бағдарламасы ашады (ВИДЕО)

04.06.2017

Бүкіл әлем көз тіккен  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына да санаулы күндер қалды. Астана шаһарына келушілердің саны сағат сайын артуда. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі 10-шы маусым күні сағат 9:30-да ресми түрде есегін айқара ашады.

Халықаралық көрмеге кіру билетін сатып алсаңыз, билет құнының ішіне кешенді аралап, ойын-сауықтық іс-шараларға толықтай қатысуға мүмкіндік бар.

Билет құны 4000-нан – 20 000 теңгеге дейін барады. Жұмыс күндеріне қарағанда  демалыстағы билет бағасы қымбаттырақ болады.

Көрме аясында 3000-ға жуық мәдени іс-шараның өтуі жоспарланып отыр.

Айта кету керек, ЭКСПО-2017  көрмесінің шымылдығын 600-ден астам өнерпаздың қатысуымен тарихи кезеңдерді еске алу мақсатында «Ұлы дала симфониясы» атты театрландырыған шоу бағдарламасы ашады.

Хабарламаларға жазылу