«ЭКСПО» көрмесін 1,5 миллион адам тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесін 1,5 миллион адам тамашалады

25.07.2017

Бүгін - ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің 46-шы күні. Осы уақытқа дейін елордадағы көрмені 1,5 млн-нан астам адам тамашалаған. 1,5 миллионыншы көрермен кеше түскі 1-де келген.

Естеріңізде болса, миллионыншы келуші 11-шілде күні тіркелген еді. Ресми мәліметке сай, көрмені көру үшін күн сайын 40 мыңнан астам адам келеді. Ал, адам ең көп келетін павильондар тізімін Қазақстанның «Нұр Әлем» шары, Африка плазасы, Мысыр, Үнді елдері бастап тұр. Бұдан бұрын, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов 3 ай бойы жалғасатын көрмені 5 млн-нан астам адам көреді деп топшылаған болатын. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу