Семейлік тұрғын түрлі қызметті пайдалануға болатын мобильдік қосымша ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік тұрғын түрлі қызметті пайдалануға болатын мобильдік қосымша ойлап тапты

09.11.2018

Семейлік тұрғын мобильдік қосымша ойлап тапты. Ол арқылы сан-алуан қызмет түрін жылдам әрі жеңіл пайдалануға болады. «Бұл елімізде жүріп жатқан цифрландыру бағдарламасына қосқан үлесім», - дейді жоба авторы. «VUP.kz» аталатын қосымша «Бос жұмыс орындар», «Көмек», «Қызмет  көрсету» бөлімдерінен тұрады. Яғни, қосымша арқылы жұмыс іздеуге, қызмет түрлерін ұсыну үшін хабарландыру орналастыруға болады. Егер сіздің сұранысыңызға лайық жауап болса, телефонға push хабарлама келіп түседі. «VUP.kz»-ті барлық қазақстандықтар Play Market, App Store бағдарламалары арқылы көшіріп алып, тегін қолдана алады.

Ерлан Жақыпов, жоба авторы:

- Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар көп. Бірақ, өз ісінің маманы болып, тұрақты жерде жұмыс істей алмауы мүмкін. Өйткені, ол жердің жалақысы ұнамауы мүмкін. Өздерінің қолынан келетін істерін осы мобильдік қосымшада белгілеп қояды да, үйінде де бола береді.

 

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу