Басты Жаңалықтар Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр

Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр

Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің «XII азаматтық форумы» өтуде. Шараға республика бойынша қоғам белсенділері мен сарапшылар қатысып жатыр. Олар «Заң мен тәртіп - қоғам тұтастығының негізі» тақырыбында ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлер айтуда. Одан әрі, пленарлық жиында қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту, жергілікті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестікті дамыту жолдарын талқылады. Форум аясында Маңғыстауда жүзеге асқан әлеуметтік жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.

 

Жақсыгүл Маханбетова, ҮЕҰ жетекшісі:

Жастарға, әйелдерге қатысты мәселелерге біз көп араластық та, мынау еңбек даулары бізде әлі тың. Өйткені, ол осы уақытқа дейін кәсіподақтың жұмысы, жергілікті атқарушы биліктің жұмысы деп арасында бір болмаса етене араласып кеткен жоқпыз. Ал енді бүгінді таңда бұл қажет деп есептейміз. Өйткені, әрбір адам осы мәселемен кездеседі.
 


Бөлісу