Басты Жаңалықтар Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті

Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті

Қазақстандық стартаптар әлемдік деңгейде таныла бастады. Бұған дейін Лос-Анджелес пен Грузияда өткен Global Tech Wave алғаш рет Шымкентте ұйымдастырылды. Халықаралық сарапшылар жаңа технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін талқылады. Форум аясында қазақстандық PULS AI жобасы ерекше назарға ілікті.

PULS AI жобасы – дәрігердің жұмысын жеңілдетіп, диагноз қоюдағы қателіктерді азайтатын жасанды интеллект жүйесі. Бүгінде ол Шымкенттегі мемлекеттік емханаларға енгізілген. Қазірдің өзінде 1500-ден астам маман күнделікті қолданып жүр.

 

Тимур Қозыкеев, Шымкент HUB директоры:

 PULS AI деген жобаны алып келдік. Үйде отырып дәрігерді шақыра аласың, түрлі анализдер тапсыра аласың. Оның ерекшелігі жасанды интеллект қолданылып жатыр.

 

Форум аясында Қазақстанға халықаралық баға да берілді. Ұлыбританиялық сарапшы Абтин Агаголян еліміз кейбір Еуропа елдерінен де озық екенін атап өтті.

 

Абтин Агаголян, PICT компаниясының негізін қалаушы, техникалық директор:

Қазақстан – болашағын болжай білетін ел. Мұндай бастамалар өңірдің технологиялық ойыншы ретінде қалыптасуына жол ашады.

 

Global Tech Wave Central Asia – Шымкенттің ғана емес, бүкіл Қазақстанның инновациялық әлеуетін көрсеткен алаң. Форум нәтижесінде отандық стартаптардың ішінен 5 жоба менторлық сүйемелдеуге таңдалып, халықаралық деңгейге жол ашты. Бұл – еліміздің жаңа технологиялар орталығы ретінде беделін арттырған нақты қадам.


Бөлісу