Басты Жаңалықтар Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды

Бұл жолы Қызылорда облысы 500 тонна өнім әкелген. Бағасы нарықтағыдан 25 пайызға төмен.

Жыл сайын өтетін жәрмеңке биыл «Қазанат» ипподромының маңында ашылды. Жаз бойы тер төккен сыр диқандары өнімін 50 жүк көлігіне тиеп әкелген. Астаналықтар Қызылорданың күріші мен Аралдың балығына ұзын-сонар кезекке тұрып, таласып-тармасып алып жатыр.

Қуаныш Жұбанова, саудагер:

Таңертең 05:00-тен бастап аштық. Содан бастап жасап жатырмыз. 1 тоннадан астам сатып болдық. Бар ғой әлі. Ертеңге дейін таусылып қалады деп ойлаймыз. Бәрі өтеді ғой. Қалмайды балық.
 

Қысқа қамданған жұртшылық ет, бақша дақылдары мен жеміс-жидекті де молынан алды.

Міне, Қызылорданың қауынын алдым. Мақтаныш қой, біздің қазақ еліне мақтаныш.

Жәрмеңкеден май, күріш, ет алдым. Сол жергілікті өздерінің бағаларымен сатып жатыр екен. Өте жақсы. Астанадан қарағанда бұл арзанырақ қой.

Жәрмеңке ертең де кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Екі күнде барлығы 200 миллион теңгеге тауар сатылмақ.

Талғат Дүйсебаев, Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы және жер ресурстары басқармасының басшысы:

 Мемлекеттік қолдаудың арқасында жалпы өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдері жылдан жылға ұлғайып келеді. Келген өнімдер нарықтағы бағадан 20-25 пайызға төмен бағада сатылып жатыр. Тауар өндірушілерге де, халыққа да тиімді.


Жәрмеңкедегі тауар көлемі жыл сайын артып келеді. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да қарқын алған. Биыл 19 мемлекетке шамамен 19 миллион долларға 37 мың тонна өнім жөнелтілді.


 



 

 

Бөлісу