Басты Жаңалықтар Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды

Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды

Астанада Ұлттық құндылықтар ұлықталды. Кеш Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

Шарада отбасылық құндылықтар мен қазақтың салт-дәстүрлері насихатталды. Қатысушылар ою-өрнектің мән-мағынасымен танысты. Шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Түрлі этнос өкілдері ою-өрнек қиып үйренді. Отбасылық құндылықты насихаттап, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтып, қазақ халқының бай мәдениетімен таныстыру - фестивальдің мақсаты.

 

Күләш Молдахметова,  Аналар кеңесінің мүшесі:

Бүгінгі өтіп жатқан Отбасы күніне орай ұлтымыздың құндылығы, ұлтымыздың байлығы деп есептеймін. Үлкен фестиваль өтіп жатыр біздің Достық үйінде. Отбасының құндылығы, отбасының орны ерекше. Өйткені, тәрбие отбасынан басталады. Еліміздің достығы нығая берсін.

Бөлісу