Басты Жаңалықтар Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі

Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Түркістан облысының Сайрам ауданында сыйластық пен сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағына айналған әулет тұрады. Татулықты ту етіп, тамыры тереңге жайылған Дүйсенбаевтар отбасында Қошқарбек ақсақал мен Дүйсенкүл әжей қара шаңырақтың берекесі болып отыр.

Сарыарық ауылында тұратын Қошқарбек ақсақал бала күнінен еңбекке араласып, ерте есейді. Қара жұмыстан қашқан жоқ. Керісінше, қайраттанып шыңдалды. Еңбек жолын шопан болып бастап, ауылшаруашылығы саласында бел жазбай еңбек етті. Қара шаңырақтың отанасы Дүйсенкүл апамен 44 жыл отасып, өмірлері тек еңбекпен өрілді. Бүгінде 5 ұлынанн 40-қа жуық немере сүйіп отыр. Бойжеткен қыздары бар.

  

Қошқарбек Дүйсенбаев, зейнеткер:

Малымыз да, тамағымыз да болмай қалған кездер болды. Соның барлығын өткізіп, қазір осындай жағдайға жетіп отырмыз. Қазір міне балаларымыздың барлығы жақсы. Немерелеріміз бар. Енді мен өзімді бақытты әкемін деп сезінемін. Себебі бала-шағамның барлығы аман. Немерелерім алдымда.

 

Дүйсенкүл Дүйсенбаева, зейнеткер:

Келінді баулыдық, өзіміздің қызымыздай қылып. Істей алмаған жерлеріне көмектесемін. Бір екі бала туғанша соларға құл болдым, бір екі бала туғаннан кейін соларға би болдым.

 

Осылайша шаттықты шаңырақтың мәуелі бәйтерегіне айналған зейнеткерлер өсіп-өнген осы ұрпағымен мақтанады, марқаяды. Ал үлгілі жанұяда өскен ұл мен қыз ата-анадан алған өнегелі тәрбиені өміріне жаратты, ұяда не көрсе ұшқанда соны ілді. Ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда.


Уәлихан Дүйсенбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

Мен де әкем сияқты көп балалы болуды армандайтынмын. Құдайға шүкір, қазіргі таңда 7 бала-шағаның әкесімін. Әке-шешеміздің бойындағы қасиеттерін алсын деп сенбі -жексенбі күні бала-шағамды міндетті түрде ауылға жіберемін. Ауылға келіп інілерімнің балалары барлығы жиналады. Ауылда жүрсе қазақы тәрбие алады.
 


 Ең үлкен бабамыз Жәнәлі, Кенжәлі, Барлыбай, Барлыбайдан Дүйсенбай.


 Перзенттерінің бойына саналы тәлім мен тәрбиені сіңірсем деген ата-ананың бүгінде үміті ақталды. Олардың әрқайсысы бір-бір оттың егесі, елі қадірлейтін, жұрты құрметтейтін азаматқа айналды. Егін егіп, қожалық ұстайды. Сан саланы меңгерген мамандар да шықты. Ал Дүйсенбаевтардан тараған бала-шаға, немерелер бақыттың базарын қайнатуда


 



 

Бөлісу