Еліміздің Нидерландтағы елшілігі Амстердамда басқосу ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің Нидерландтағы елшілігі Амстердамда басқосу ұйымдастырды

28.06.2019

«Қазақстандағы саяси өзгерістер мен оның еуропалық бизнеске әсері». Осындай атпен еліміздің Нидерландтағы елшілігі Амстердамда арнайы басқосу ұйымдастырды. Шараға жиналғандарға Қазақстанның осы мемлекеттегі елшісі Мағжан Ілиясов елдегі соңғы саяси өзгерістер мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 маңызды бағыты туралы баяндады. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрғындарды баспанамен қамту, жастар мен әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, сыртқы саясаттағы тың бастамаларға Голландия жұрты жоғары баға беруде. Билік сабақтастығы, жүйелілік, бұған дейінгі саясаттың жалғасуы-ел үшін, әсіресе, халықаралық бизнес үшін өте маңызды-дейді басқосуға қатысқандар. Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа, инвестициялық климатқа қызыққан Нидерланд кәсіпкерлері қазақ экономикасына қаржы құяға ниетті.

Хелин Овер Де, Линден корольдік индустриалды саяси клубының төрайымы:

Елдеріңіздегі саяси, экономикалық өзгерістердің, биліктің ауысуы еш текетірессіз өткені керемет жетістік. Демократияны дамыту, шағын және орта бизнеске ашылатын мол мүмкіндіктер жайлы хабардар болдық. Мұндай жағымды жаңалық, жеңілдіктер-шетелдік кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Сондықтан, бірқатар голландық компания өкідері Қазақстанда бизнеспен айналысуға қызығып отыр.

Мауро Боэро, Еуропалық патенттік компаниясының бас сарапшысы:

Қазақстанның Нидерландтағы елшісі биліктің ауысуы, елдегі мүмкіндіктер жайлы тың ақпарат берді. Жас мемлекеттің аз уақыт ішінде қарқынды дамуы көңіл қуантарлықтай. Қазақстанның жаһандық саясаттағы рөлін де бақылап отырмыз. Елдеріңіз осы алған бағытынан таймай, әрі қарай да көркейе береді деген сенімдемін.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

 

Хабарламаларға жазылу