Норвегия Қазақстанмен парламентаралық ынтымақты арттырып, бірлескен комитет құруға дайын
Норвегия Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты арттырып, бірлескен комитет құруға дайын. Бұл туралы Норвегия парламентінің сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Анникен Хют-фельд мәлімдеді. Төраға Ослода іссапармен жүрген еліміз Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың көкжиегін кеңейту жолдарын талқылады. Қос тарап көлік және логистика, жасыл энергияны дамыту, экология, экономика сияқты барлық салалар бойынша байланысты бекемдеуге мүдделілік танытты. Норвегия үкіметі қазақ елінің халықаралық бастамаларына қолдау көрсетуге әзір. Сондай-ақ, тараптар парламенттік дипломатияны күшейту қажеттігін мәлімдеді.
Анникен Хютфельд, Норвегия парламентінің сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы:
Бүгінде әлемде халықаралық ахуал ушығып, текетірестер күшейген тұста Азия мен Еуропа парламенттерінің өкілдері жиі кездесіп, көкейтесті мәселелерді бейбіт жолмен шешудің жолдарын бірге қарастыруы тиіс. Ол үшін қыркүйекте Қазақстанда өтетін Еуразиялық парламентарийлердің басқосуы өте маңызды деп ойлаймын. Қазақстан мен Норвегия ядролық қарусыздану бойынша бірге жұмыс істеп келеді. Елдеріңіздегі соңғы өзгерстермен, Президентті инаугурациясымен құттықтап, екі ел арасындағы қатынас онан әрі де қарқынды дамиды деген сенімдеміз.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
