Еуропалық одақ басшылары «Брексит» келісімін бекітпеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық одақ басшылары «Брексит» келісімін бекітпеді

08.02.2019

Ұлыбритания Премьер-министрі Еуропалық Одақ басшыларын «Брексит» бойынша жаңа келісім бекітуге көндіре алмады. Брюссельдегі 1,5 сағаттық кездесуден соң тараптар «Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу мәселесі бойынша әлі де диалог қажет», деп тарқасты. Еуропалық комиссия төрағасы Жан Клод Юнкер 25 қарашада ұйымға мүше мемлекеттер бекіткен келісім талаптары өзгертілмейтінін тағы ескертті.  Дегенмен, болашақ қарым-қатынасқа қатысты саяси декларацияға өзгерту енгізілуі мүмкін. Еуропалық комиссия төрағасы мен Тереза Мэй ақпанның соңында қайтадан кездесуге уағдаласты. 

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Бүгінгі кездесулерде мен өзімнің нақты ұстанымымды білдірдім. Біз «Брексит» бойынша келісімге өзгерту енгізіп, Британия парламентін алаңдатып отырған мәселелер бойынша заңды кепілдік алуымыз керек. Мен уәде еткенімдей, «Брекситті» уақытында жүзеге асырамын.  

Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу