Сириядағы ИГИЛ сарбазының екі қызы Бельгияға жеткізілді
2 және 4 жастағы бүлдіршіндер соғыс аймағында дүние келген. Бельгиядан джихадқа аттанған әкелері 2016 жылы қақтығыста қаза тапқан. Аналары лаңкестік әрекеті үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Қазір ол Түркия түрмесінде отыр. Тірі жетім қалған немерелерін өз панасына алуды сұрап, нағашы әжесі Бельгия сотына арызданған. Соттың шешімімен екі балаға гуманитарлық виза беріліп, Бельгиядағы әжесімен тұруға рұқсат етілді. Жалпы, 2017 жылдан бері ел үкіметі қауіпті аймақтан 17 баланы қайтарған. Бірақ, онда әлі тағы 160 балғын бар.
Рахма Айад, бүлдіршіндердің әжесі:
- Қатты қуанып тұрмын. Осы немерелерімді Бельгияға әкелу үшін бір жыл жүгірдім. Олардың туу туралы куәлігі, ешқандай құжаты болмаған. Әжесі екенімді дәлелдеу үшін ДНҚ анализін тапсырып, Түркияға бірнеше рет бардым.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
