Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель отставкаға кететінін мәлімдеді
Үкімет басшысының мұндай шешім қабылдауына елдегі саяси дағдарыс себеп. Естеріңізге салсақ, осыдан 10 күн бұрын БҰҰ мигранттар туралы пактісін қолдауға қатысты ортақ мәмілеге келе алмай үкіметтік коалиция ыдыраған болатын. Премьер-министр билікте қалған партиялармен бірге мамырда өтетін жоспарлы сайлауға дейін жұмысты жалғастыра беруден үміттенген. Алайда, бұл идеяны социалистер де, жасылдар партиясы да қолдамады. Соның салдарынан Шарль Мишель биліктен кетуге мәжбүр. Премьер-министрдің отставкасын ел патшасы Филип қабылдай ма, жоқ па бүгін белгілі болады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24