Бельгияның Льеж қаласында кәсіподақ ұйымдары жаппай ереуіл ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияның Льеж қаласында кәсіподақ ұйымдары жаппай ереуіл ұйымдастырды

22.11.2017

10 мың адам қаланың орталығына жиналып, үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсы наразалықтарын білдірді. Шерушілердің дені - ұстаздар, дәрігерлер, пошта және жолаушылар тасымалдайтын компаниялардың қызметкерлері. Олар үкіметтен білім, денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруды көбейтіп, қарттарға лайықты зейнетақы тағайындалуын талап етті. Сондай-ақ, ереуілшілер «салық салудағы әділетсіздіктерді жойып, жүйеге бірқатар өзгеріс енгізу қажет», деп санайды.   

Руди Янсен, мемлекеттік қызметкер:

- Барлық компаниялар тапқан табысына қарай салық төлеуі тиіс. Жеңілдіктер жойылуы керек. Әйтпесе, көптеген ірі компаниялар түрлі жеңілдіктерді иеленіп, салық төлеуден құтылып кетіп жатыр. Есесіне, біз сияқты мемлекеттік қызметкерлер айлығының басым бөлігін салыққа жібереді. Біз мұндай әділетсіздікпен күресе береміз. Желтоқсанда бүкіл ел бойынша ереуіл ұйымдастырып, жұмысты тоқтатамыз.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу