Каталония дағдарысын шешуге Еуропалық Одақ атсалысуы тиіс - Экс-президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталония дағдарысын шешуге Еуропалық Одақ атсалысуы тиіс - Экс-президент

01.11.2017

Қызметінен алынған Каталония президенті Карлес Пучдемон Бельгия астанасы Брюссельге келіп, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Экс-президенттің пікірінше, Каталония дағдарысын шешуге Еуропалық Одақ атсалысуы тиіс.

Естеріңізде болса, Испанияның бас прокуроры Каталония басшысына «бүлік ұйымдастырып, мемлекеттің қаржысын заңсыз пайдаланды» деген айып тағып, заң алдында жауап беруін талап еткен болатын. Карлес Пучдемон заң алдында жауап беруден қашпайтынын,  тіпті 21 желтоқсанда өтуі мүмкін кезектен тыс сайлаудың қорытындысымен келісетінін мәлімдеді. 

Карлес Пучдемон, Каталонияның экс-президенті:

 - Мен Бельгиядан саяси баспана сұрап келген жоқпын. Брюссель Бельгияның ғана емес, Еуропалық Одақтың астанасы болғандықтан, осы қауіпсіз жерде, бостандықта жұмыс істеуге келдім. Біздің құндылығымыз толеранттылық, тыныштық. Испания үкіметі жаппай жазалау шаралары арқылы Каталонияның және Еуропаның басты құндылықтарын аяққа таптап жатыр. Сондықтан, бізге Еуроодақтың көмегі керек.    

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу