Бельгияда мигранттарды Ұлыбританияға заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Олар аз уақыттың ішінде Ауғанстан мен Сириядан тұманды альбионға 1100 босқынды заңсыз жолмен алып өткен. Арнайы жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері 110 көлікті тоқтатып, ішінен түрлі әдіс-айламен жасырылған 50 босқынды анықтады. Қылмыстық ұйым жетекшілері мигранттарды Еуропаға жеткізу үшін қалыңдығы 30 см. болатын жәшіктерге сыйғызып, айласын асыруға тырысқан.
Эрик Ван Дер Сипт, Бельгия федералды прокурорының өкілі:
- Босқындар өте қауіпті, тіпті адам шыдамайтын жағдайда тасымалданып келген. Тар жәшікке кішкентай балаларды, әйелдерді де нығыздап сыйғызған. Ауа жетпей өліп кетуі мүмкін еді. Біз оларды құтқардық.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24