Басты Жаңалықтар Таллинде Еуропалық Одақтың сандық технологияны дамытуға арналған алғашқы саммиті басталды

Таллинде Еуропалық Одақтың сандық технологияны дамытуға арналған алғашқы саммиті басталды

Одаққа төрағалық етуші Эстония ұйымға мүше 27 елдің басшысынан бөлек, саммитке Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйді де шақырған. «Британ елі Еуроодақтан шыққан күннің өзінде қарт құрлықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысады»,- деп мәлімдеді Тереза Мэй. Жалпы, ЕуроОдақ 2025 жылға дейін сандық экономиканың дамуы бойынша әлемдік көшбасшыға айналуды көздеп отыр. «Ол үшін халықтың сандық сауаттылығын, инновациялық технологияның әлеуетін арттыру қажет», - дейді Одаққа мүше елдердің басшылары. Сондай-ақ, саммитте Еуропада киберқауіпсіздікті күшейтіп, қарт құрлықта 5G интернетті тездетіп енгізу мәселелері талқыланады.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Бөлісу