Гонконг әуежайында 1600 қуыршақ панда пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконг әуежайында 1600 қуыршақ панда пайда болды

10.06.2014
Гонконг әуежайында 1600 қуыршақ панда пайда болды
Гонконгтің халықаралық әуежайында 1600 панда пайда болды. Олардың барлығы қоқыстан жиналып, қайта өңделген қағаздан жасалған екен.
 
Экспонаттардың авторы – француз суретшісі Пауло Гранжеон. Ол қолдан жасаған бамбук аюлары әлемнің көптеген қалаларында көрсетілді. 
 
Мұндай көрменің негізгі мақсаты – 2008 жылғы санақ бойынша жер жүзінде қалған 1600 панданы асырап-сақтауды, көбейтуді планета жұртшылығына насихаттау.
 
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу