АҚШ-та олимпиадашының құрметіне хиджаб киген қуыршақ пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та олимпиадашының құрметіне хиджаб киген қуыршақ пайда болды

15.11.2017

АҚШ-та алғаш рет хиджаб киген «Барби» пайда болды. Ол Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері, орамал таққан америкалық семсершінің құрметіне шығарылып отыр.

Ерекше қуыршақ Нью-Йоркте өткен атақты «Glamour» журналының «Жыл Әйелі» атты премиясында жұрт назарына ұсынылған. Ибтихадж Мұхаммадтың өзі мұндай ойыншықты бала кезден армандаған екен. Ал, «Mattel» компаниясы келер жылы түрлі пішінде жаңа «Барбилар» шығаратынын мәлім етті.

Айта кетейік, 1985 жылы дүниеге келген Ибтихадж Мұхаммад былтыр Бразилияда өткен Жазғы ойындарға хиджаб киіп қатысқан болатын.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу