«Панда-Адам» ҚХР Президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Панда-Адам» ҚХР Президентімен кездесті

14.04.2022

Қытайда «панда-адам» аталып кеткен қазақ жігіті президент Си Цзиньпинмен кездесті. Мұны «Си-си-ти-ви» телеарнасы хабарлады. Руслан Төленов қазір Хайнань провинциясының Халықаралық экономикалық даму бюросында Жаһандық медиа қызметкері болып жұмыс істейді. Русланның қан тобы өте сирек кездеседі. Және де мұндай қанды "панда қаны" деп атайды. Қазақстандық азамат Хайнань университетінде оқып жүрген кезінен бері қан тапсырып, талай қытайлық науқастардың жағдайын жеңілдетуге үлес қосқан. Желі қолданушылары болса, Төленовті осындай қайырымды істері үшін «панда-адам» деп атап кеткен. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу