Логистикалық қызмет көрсететін «DHL» компаниясы туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Логистикалық қызмет көрсететін «DHL» компаниясы туралы не білесіз?

07.02.2016
Логистикалық қызмет көрсететін «DHL» компаниясы туралы не білесіз?

Ол құжаттарды, тауарларды тасымалдау, логистикалық қызмет көрсетумен айналысады. Компания 1969 жылы құрылып, әуелде Гонолулу, Гаваи және Сан-Франциско, Калифорния аралығында почталық тасымалдаумен айналысқан. Оның негізін салушылар Адриан Дэлси, Ларри Хиллблом және Роберт Линн. Олардың тегінің бас әріптерінен компанияның атауы пайда болды.

«DHL» әуе тасымалдауларды жүзеге асырған алғашқы компания және әуелде оны компанияның негізін қалаушылар өздері жинақтап, қажетті жерге өздері ұшып апаратын болған. Бір жылдан соң құжат тасымалдайтын қалалар да, тұтынушылар де көбейе бастады. Есіктен есікке жеткізіп салатын курьерлік желі пайда болды. Көп ұзамай бұл желі халықаралық дәрежеге көтеріліп, 1972 жылы Гонконг, Жапония, Сингапур және Австралияда компанияның кеңселері ашылады. Одан кейінгі жылдары «DHL» жаңа жерлерді игеріп, қазіргі күні компания әлем бойынша 220 елде қызмет көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу