Мамыр айында үш облыста құрғақшылық басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамыр айында үш облыста құрғақшылық басталады

06.05.2024

Мамыр айында еліміздегі үш облыста құрғақшылық басталады. Қазгидромет мамандары осындай болжам жасап отыр. Сәуірде жауған жауын-шашын мен ауа райы болжамы ескеріліп, құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Іле аудандарында, Қостанай облысының Амангелді ауданы мен Қарағанды облысының Шет ауданында күтіледі. Осыған дейін отандық сарапшы климаттың өзгеруі туралы «қауіпті құбылыс пен табиғи апаттар көбейе береді» деген болатын. Ал тағы бір маман Қазақстанда мұздықтар еріп, таудағы өзендер құрғап кетуі мүмкін деген еді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу