Қостанай облысының Жангелдин ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Жангелдин ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды

06.05.2024

Қостанай облысының Жангелдин ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бұл үйлер тасқын кезінде баспанасы құлап далада қалған тұрғындарға беріледі. Қазір олардың бірқатары көмек ретінде жеткізілген киіз үйлерді, енді бірі туған-туыстарын паналап жүр. Әзірге құрылыс екі ауылда жүріп жатыр. Соның бірі Тәуіште – 22 үй, Көлқамыста 19 үй салынады. Баспана құрылысын барынша қысқа мерзімде аяқтау жоспарланып отыр.

Нұрбибі Жабағина, Тәуіш ауылының тұрғыны:

Бізге үй салуға құрылысқа балалар келіп жатыр. Енді осы үйді бізге жылдамдатып салып берсе. Алда осындай апат болмаса екен. Жұмыстарына сәттілік тілейміз. Жақсы жыл болсын дейміз.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу