Ұстаздардың арасындағы дау сот арқылы шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздардың арасындағы дау сот арқылы шешілді

13.08.2019

Біздің арнаға осы жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстандағы Көкжыра ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп ұстаздары шағымданған болатын. Бірнеше педагог мектеп басшысының жұмысына наразылық білдірген. Айтуларынша, білім ордасында заңбұзушылықтар орын алған. Заңсыз ақша жиналып, оқушылардың орнына ұстаздар онлайн тест тапсырған. Соңғысы дәлелденіп, мектеп директорының орынбасарына шара қолданылған. Ал ақша жинау фактісі дәлелденбеген.

Осы оқиғаға қатысты біздің тілшілер дайындаған сюжет эфирден көрсетіліп, әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған еді. Ұстаздар мен мектеп директорының арасындағы дау сотқа дейін жетіп, осы уақытқа дейін бірнеше сот отырысы өтті. Нәтижесінде іс медиациалық сот арқылы шешімін тапты. Наразы тарап пен мектеп директоры өзара мәмілеге келген.

Рима Уалиева, орыс тілі пәнінің мұғалімі:

Медиациялық сот болды. Сонда біз бір-бірімізден кешірім сұрасып, мәмілеге келдік. Бір-бірімізді кешірдік.

Бауыржан Құнафин, М.Әуезов атындағы орта мектеп директоры:

Тоқтатылды бұл іс. Екі жақ келістік. Мен олардан ештеңе талап етпеймін.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу