«Қазақстан-Люксембург» іскерлік қауымдастығы жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Люксембург» іскерлік қауымдастығы жұмысын бастады

22.04.2019

Қоғамдық ұйымды Люксембургтағы қазақстандықтар құрған. Еуропада жоғарғы білім алып, келісімшарт бойынша қазір Люксембургта қызмет етіп жүрген қазақ жастары қауымдастық арқылы екі елдің қатынасын нығайтуға күш салмақ. Ол үшін жаңа буын өкілдері еліміздің осы мемлекеттегі елшілігімен қоян-қолтық жұмыс істеуден үмітті.

Қазір ұйымның 50-ден астам мүшесі бар. Жігерлі жастар биыл Люксембургта қазақстандық өнерпаздардың концертін, үздік қазақ фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастыруды көздеп отыр.

Дана Мейманғожина, «Қазақстан-Люксембург» іскерлік қауымдастығының теңтөрағасы:

- Біздің мақсатымыз - Люксембургта тұратын қазақтардың, қазақстандықтардың басын біріктіріп, Қазақстанның мәдениетін Люксембург халқына, еуропалықтарға кеңінен насихаттау. Ғажап еліміз, тарихымыз, дәстүріміз жайлы шетелдіктер көбірек білсе екен дейміз. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

Хабарламаларға жазылу