Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары басталды. Президенттің борты қала әуежайына жергілікті уақыт бойынша күндізгі 11-де келіп қонды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге ресейлік әріптесі Владимир Путиннің арнайы шақыртуымен келіп отыр. Бұл Мемлекет басшысының шетелге жасаған алғашқы сапары болмақ. Сапар барысында Президенттер шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізеді.
Сондай-ақ, қазақ басшысы Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, бірнеше құжатқа қол қойылуы тиіс. Олардың арасында өндірістік коперацияны бірлесе дамытуға арналған бағдарлама, екі ел үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісім және бірнеше министрліктердің аэроғарыш, сауда саласындағы екіжақты келісімдері бар.