Басты Жаңалықтар Абай облысының орманшыларына жаңа техникалар берілді

Абай облысының орманшыларына жаңа техникалар берілді

Орманшылар күні қарсаңында Экология және табиғи ресурстар министрі, Ерлан Нысанбаев «Семей орманы» резерватының мамандарына жаңа техникалардың кілтін табыстады. Өрт сөндіруге арналған 10 «КамАЗ» және 10 «Беларус» тракторы орман шаруашылықтарына берілді. Жалпы 2023 жылдан бері еліміз бойынша орманды қорғау мен қалпына келтіру жұмыстары үшін мың техника алынған. Биыл жыл соңына дейін тағы осынша көлік алынады. Оған қоса шаруашылықтар өртті ерте анықтайтын жүйемен қамтылып жатыр. Тек «Семей орманы» резерватында 600 мың гетардан астам аумақ замануи құрылғымен бақыланады. Салтанатты жиында  министр өртенген орман алқаптарын қалыпқа келтіру де қарқынды жүргізіп жатқандығын жеткізді. Ерлан Нысанбаевтың айтуынша 2023 жылы Семейдің іргесінде отқа оранған 63 мың гектар қарағайлы алқапты 10 жыл ішінде қайта жасыл желекке айналдыру жоспарланып отыр.

Ерлан Нысанбаев, Экология және табиғи ресурстар министрі:

Осы ескі, сонау 80-ші жылдан бері жүріп жүрген, 40-45 жыл болған машиналардың бәрінің орнына жаңадан машина алып қойып жатырмыз. Одан тыс осы үш жылдың ішінде 1780 дана әртүрлі өрт сөндіруге қажет бағанағы техникаға ілетін құрал-сайманды алдық.


Бөлісу