Көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде
Шығыс Қазақстанда көктемгі тасқын судың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Әсіресе, өткен жылы қар суынан қатты зардап шеккен Аягөзде дайындық қарқынды. Осы күнге дейін қаладағы жекеменшік сектордан 70 мың текше метрден астам қар шығарылған. Жол бойындағы арықтар тазартылып, Аягөз өзенінің арнасы кеңейтіліп, бекітілді.
Сондай-ақ, аудан бойынша 3 ауыл қауіпті учаске боп белгіленіп отыр. Синоптиктердің мәліметінше, шығыс өңірде наурыз, сәуір айларында ылғал көп түседі.
Медет Еркінбеков, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы директоры:
- Аягөз ауданы Баршатас ауылының маңында қардағы су қоры 160 пайызға жоғары. Наурыз, сәуір айларында бір тәуліктің ішінде жауын-шашынның мөлшері бір айлық мөлшерден жоғары түсуі мүмкін.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24