Семейдегі полиция бөлімшелерінде фронт-офистер ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі полиция бөлімшелерінде фронт-офистер ашылды

20.02.2019

Бұрын тас қамалдай бекінген ғимараттардағы тор қоршаулар алынып тасталды. Ішкі істер бөлімшелерінің кіреберісінде орналасқан мұндай кеңселерде тұрғындардың еш кедергісіз арыз-шағымын айтып, қалаған маманнан кеңес алуына жағдай жасалған.

Тәртіп сақшылары әскери киімсіз келім-кетімге сыпайы әрі жүйелі қызмет көрсетеді. Бұл - халық пен полиция арасындағы сенімді нығайту, қызмет сапасын арттырудың амалы. Айта кетейік, халықпен байланыс орнатудың жаңа әдісі еліміздің барлық өңірінде қолға алынған.

Кәкім Шарипов, тұрғын:

- Келген бетте бұрын осында темір торлар болатын. Қазір оның бәрін алып тастапты. Келген бетте мына жерде тұрған қызметкерлер не жұмыспен келгенімді сұрады. Шаруамды айтып едім, 5-10 минуттың ішінде шешіп берді. Өте жақсы екен.

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу