Семей сынақ полигоны ретінде пайдаланылған жерлер қолданысқа жарамды ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей сынақ полигоны ретінде пайдаланылған жерлер қолданысқа жарамды ма?

11.04.2016
Семей сынақ полигоны ретінде пайдаланылған жерлер қолданысқа жарамды ма?
Сынақ алаңы болған аумақта мамандар 2008 жылдан бері ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді. Алғашқы нәтижелер де белгілі. Тіпті полигонның кейбір учаскелері қазірдің өзінде пайдаға жаратыла бастаған.

Кейбір Еуропа елдерінің өзі сыйып кететін ұланғайыр аумақ қазір Ұлттық ядролық орталық ғалымдарының қарауында. Ол жерлерде мұқият зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мақсат – бұрынғы сынақ болған төңіректі түгелдей тексеруден өткізіп, қолданысқа жарамды бөліктерін анықтау.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу