Құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

10.02.2014
Құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды
Алматыда жылу құбыры  жарылды. Райымбек даңғылы мен Сейфуллин көшелері қиылысындағы жер астынан атқылаған ыстық су 1,5 шақырым жерді алып кетті. Сағат түскі 1-лер шамасында болған апат салдарынан қалада көлік кептелісі болды.
 
Түк көрсетпейтін будан көлік жүргізушілері қиналып, сабақтан шыққан балалар автобустарды көре алмай, абдырады. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар мамандары жұмыс істеуде.
 
Зардап шеккендердің тізімі әзірге жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсан күні дәл осы тұстан атқылаған ыстық судан 9 адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілген болатын. 
 
Ян Гирин, «Алматы жылу холдингі» МКК баспасөз хатшысы:
Диаметрі 800 миллиметр көлемінде жарылған құбырдың  әбден тозығы жеткен. Соның салдарынан жаяу жүргіншілердің жолын көп мөлшерде ыстық су басты. Қазір  көпқабатты 63 тұрғын үй, 2 мектеп пен  2 балабақша және 2 аурухана жылусыз қалды. Апатты ауыздықтау кем дегенде 6 немесе 12 сағатқа созылуы мүмкін.
 
Айгүл ЕРМАХАН

 

 

Хабарламаларға жазылу