Қостанайда 2 мыңнан астам абонент жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 2 мыңнан астам абонент жылусыз қалды

05.01.2023

Қостанайда диаметрі 426 мм-лік магистральді құбыр жарылып, 30 тұрғын үй жылусыз қалды. Мамандар «кешкі 20:00-ге дейін жөндеу жұмыстары аяқталады» деп отыр. 30 үйдегі пәтерлердің жалпы саны 2200-ден асады.

Тап осы «Әуежай» шағын ауданында желтоқсан айында да құбыр жарылып, тұрғындар күні бойы жылусыз отырған. Мамандар онда апаттың себебін «осыдан жеті жыл бұрын төселген металл құбырлар, жерасты суының әсерінен шіріп жатыр» деп түсіндірген еді.

Дәуренбек Әбдібек



Хабарламаларға жазылу