Павлодарда құбыр жарылып, тұрғын үйлер жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда құбыр жарылып, тұрғын үйлер жылусыз қалды

07.01.2021

Павлодар қаласының бірнеше аумағында құбырлар жарылып, көптеген үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды. Апат таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Салдарынан 9 көпқабатты үй мен 5 ғимарат жылудан ажыратылды. Бірнеше жеке меншік үйлерге де жылу беру тоқтатылды. Апаттық қызмет көрсету мекемесі жарылған құбырды тауып, жылусыз қалған кейбір үйлерді басқа желіге қосты. Ақау шыққан жер жөнделіп жатыр. Әліде көпқабатты 5 үйде және бірнеше жекеменшік үйде жылу жоқ.   

Татьяна Перевалова, қала тұрғыны: 
-Кеше түнде үйдің суып кеткендігінен ояндық. Сағат 1 шамасында тонып қалған бала қатты жылады. Ыстық суды да тоқтатып тастаған екен. Содан түнгі сағат 3-те жөндеу бригадасы келіп біраз уақыт жылу берді. Таңғы сағат 9-да қайта өшірді. Міне түс ауып кетті үйіміз суық. Техника келіп енді қазып жатыр.  

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу