Чемпиондар лигасы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы басталады

18.02.2014
Чемпиондар лигасы басталады
 
Бүгін футболсүйер қауым асыға күткен чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы кездесулер өтеді. Ағылшын жерінде «Манчестер сити» командасы «Барселонаны» қабылдайды. Сондай-ақ Бай аренада леверкузендік Байер - Златан Ибрагимович пен Эдинсон Кавани бастаған ПСЖ командасымен күш сынасады.
 
Мамандар болжауы бойынша, Самми Хюйпа шәкірттері бүгінгі ойында франциялық ұжымнан басым болуы әбден ықтимал. Ал соңғы кездері Леонель Мессидің жарақаттан айыға алмай, тамаша өнер көрсете алмауын ағылшындық жазармандар жақсылыққа жоруда. Ойындар Астана уақытымен түнгі 01:45 те басталады.

Хабарламаларға жазылу