Тобыл қарымта ойынын сырт алаңда өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тобыл қарымта ойынын сырт алаңда өткізеді

13.07.2022

Футболдан чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі ойынын қостанайлық «Тобыл» бүгін сырт алаңда Венгрияның «Ференц-варош» командасымен өткізеді. Бұл кездесуді елорда уақытымен түнгі 12:00-де «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Будапешт қаласындағы «Гроупама Арена» стадионында болады. Осы кездесудің жеңімпазы екінші іріктеу сатысында «Слован» мен «Динамо» Батуми жұбының жеңімпазымен ойнайды. Ал ұтылған команда конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Шкупи» мен «Линкольн Ред Импс» жұбының жеңілген командамен кездеседі. Еске салсақ, өткен аптада «Тобыл» чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өз алаңында өткізіп, «Ференц-варош» командасымен тең түскен. 

Хабарламаларға жазылу