Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады

03.05.2022

Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады. Испанияда Вильярреал ағылшындық Ливерпуль командасын қабылдайды. Бір апта бұрын Энфилдте өткен бірінші ойында Юрген Клопптың шәкірттері 2-0 есебімен басым түскен еді. Қызылдардың финалға өтуге мүмкіндігі көп. Футбол сарапшылары да Ливерпуль командасы жеңіске жетеді деген болжам айтып жатыр. Ойынды бүгін түнгі сағат 12.50-де Қазақстан және Қазспорт арналарынан тікелей эфирде көре аласыздар. Ал ертең Реал-Мадрид – Манчестер сити кездесуі өтеді. Бұл матчты да біздің арна тікелей эфирде көрсетеді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу