Чемпиондар лигасы: Ливерпуль өз алаңында жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы: Ливерпуль өз алаңында жеңді

28.04.2022

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды. Кеше түнде «Ливерпуль» өз алаңында «ВильярРеалды» қабылдап, 2:0 есебімен жеңді. Екі гол да, екінші тайымның 53-ші және 55-ші минуттарында соғылды.

Қарымта ойын 3 мамырда өтеді. Жартылай финалдың бірінші ойынында «Манчестер Сити» мен «Реал Мадрид» кездесіп, ағылшындық команда жеңген болатын. Ал бүгін Еуропа лигасында Вестхэм мен АйнТрахт кездеседі. Ойынды ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді. Ал конференция лигасында Лестер - Рома матчы болады. Ол ойынды да Қазспорт арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Екі ойын да түнгі сағат бірде басталады.

Хабарламаларға жазылу