Су тасқыны: 39 352 адам үйіне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 39 352 адам үйіне оралды

30.04.2024

Су тасқыны басталғалы эвакуацияланған аймақтардан, 40 мыңға жуық адам үйіне оралды. Эвакуациялық орталықтарда 6 жарым мыңға жуық адам бар. Төтенше жағдай министрлігінің дерегінше, тасқынымен күреске ел бойынша 17 мыңнан астам адам мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Азаматтық қорғау қызметтерімен, волонтерлермен және тартылған ұйымдармен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Аскар Шәріп, ҚР ТЖМ өкілі:

Республика бойынша 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 39 352 адам өз үйлеріне оралды. 6 552 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан. Су тасқыны бастағалы бері 13,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.

ІІМ су тасқынынан зардап шеккендерге алаяқтардан абай болуды ескертеді. Құйтырқы әрекеттердің схемасын Орталық коммуникациялар қызметінде ішкі істер министрлігінің өкілі мәлім етті. Алаяқтар өтемақы күткен адамдарға мемлекеттік органдардың атынан қоңырау шалып, адамның су тасқынынан зардап шеккендердің тізімінде тұрғанын растау үшін SMS-тен код жазып жіберуді ұсынады. Шындығында, осы кодтың арқасында алаяқтар жәбірленушінің атына көп мөлшердегі несие рәсімдей алады. Сондықтан,полицейлер күмәнді телефон номерілеріне, смс хабарламаларына жауап бермеуге кеңес береді.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу