Фариза Оңғарсынованың Алматыда 15 жыл тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фариза Оңғарсынованың Алматыда 15 жыл тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

20.12.2018

Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың Алматыда 15 жыл тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Зенков және Шевченко көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйде Фариза Оңғарсынова 1981-1996 жылдар аралығында тұрған. Шараға қатысқан зиялы қауым белгілі ақын біраз шығармасын осы үйде жазғандығын айтты. Бұл үй қазақ әдебиеті өкілдерінің жиі бас қосатын құтты ордасы болғандығын да жеткізді. «Ал, алдағы уақытта Алматы көшелерінің біріне Фариза Оңғарсынованың есімін беру қарастырылып жатыр», - деді жергілікті әкімдіктің мамандары.

Қойшығұл Жылқышиев, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл үйде Фариза апамыз көп жыл тұрды. Осы үйде бүкіл қазақтың ақын қыздары жүретін. Біз осы үйге келіп, апамыздан тәлім алатын едік. Енді ол кісі тарихқа айналды. Оны біз әспеттеп, жадымызда сақтауымыз керек.

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу